Таңдаулы жаңалықтар:

БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МЕКТЕПТЕРІ ҚАТАРЫНДА

Биылғы жаңа оқу жылы ел өміріндегі маңызды оқиға – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі білімді ұрпақтың қолында екені ұдайы айтылып келеді. 

Бұл тек сөз жүзінде қалып жатқан жоқ. Мемлекет тарапынан білім сапасын арттыруға, мектеп және балабақшамен қамту, мектептерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, шет елде білім алуға мүмкіндіктер жасалып келеді. Айталық, тәуелсіздік жылдары білім саласына қарасты нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа құрылыс қарқынды дамыды.