Басшының дербес жауаптылығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы іске асыру жөніндегі кеңес өтті

03/09/20201min310

Жамбыл облысы әкімі аппаратында қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жасаған үшін басшының дербес жауаптылығы туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы іске асырылу барысы талқыланды.
Селекторлық жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, басқарма басшылары және аудан әкімдері қатысты.
Айтарлығы, 2019 жыл соңында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Аталған толықтырумен қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды тұлғаның дербес жауапкершілігі институты енгізілді.
Алайда, кеңес барысында баяндама жасаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, осыған дейін облысымызда жоғарыда белгіленген заң талаптарының орындалу барысы баяу жүріп жатқандығы айтып, мемлекеттік орган басшыларына, алдын алу бағытында жұмыстарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді тиісінше жасамаған жағдайда тәртіптік және әкімшілік жазаға тарту жұмыстарының жандандыратындығын ескертті.
Жоғарыда аталған кеңесте нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу барысы да қаралды.
Қоғам өкілдерімен аталған институт заң шығару процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің таралуына байланысты уақытылы алдын алу шарасы болып табылатындығын қолдау тапты.
Кеңес қорытындысымен ғылыми сараптаманы жүргізу туралы ақпаратты облысымызда кеңінен тарату арқылы оның жұмысына білікті заңгерлерді тарту ұсынылды.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru