Бангладеш- жері аз, халқы көп мемлекет

Жер көлемі Ресейдің Мурманск облысындай ғана болатын Бангладеш республикасының халық саны Ресейден 20 миллион адамға көп.

Ал, Ресейде мұндай 49 облыс пен 21 республика бар.

Мәселен: Бангладеште 163 миллион адам тұрса, Ресейде 143 миллион адам тұрады.

Бангладеш 1971 жылы тәуелсіздігін алған жас мемлекет. Бірақ, халқының 73 пайызға жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүреді. Бұрын Британ империясының құрамында болған бангладештіктер 1971 жылы Пакистаннан тәуелсіздік алып шықты.

Егер, сол кезде Пакистаннан Бангладеш бөлініп шықпағанда бүгінде Пакистан халқының саны 360 миллион адамнан асып, әлемде Қытай мен Үндістаннан кейінгі үшінші орын алған болар еді.

Бүгінгі таңда Бангладеш республикасы әлемдегі ең арзан жұмысшы күшін ұсынатын мемлекеттердің бірі. Көптеген бангладештіктер Парсы шығанағы елдерінде, Оңтүстік Азия мемлекеттерінде жұмыс істейді. Себебі, бұл елдегі табыс мөлшері күндігіне небары 2-3 доллар болып есептеледі.

Елдің табиғи жағдайы өте құбылмалы келеді. Бұл елде 365 күннің 300 күнінде жауын жауып тұрады. Сондай -ақ елден Гималайдан шығатын Ганг, Брахмапутра, Мегна атты ең ірі өзендер де өтеді. Осындай табиғи жағдайларға байланысты сан түрлі жануарлар мекен етеді.

Бангладеш астанасы Дакка қаласының өзінде қазір 18 миллион адам тұрады. Бұл бүкіл Қазақстанның халқына тең. Дакка қаласын «Мешіттер қаласы» деп атайды. Бұл қаладағы мешіттердің саны басқа барлық қалалардан да көп.

Жердің кішкентай болуына байланысты бұл ел 8- ақ облысқа бөлінген. Әр облыстың көлемі шамаман Қазақстандағы бір ауданның жерімен бірдей. Ал, сол бір ауданның жеріне бүгінде 20 миллион бангладештік тұруға мәжбүр.

 

Суретте: Бангладеш астанасы Даккадағы жағдай. Пойызға мінуге таласқан жұрт. 2016 жыл.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *