Бағдарламаның басым бағыттары түсіндірілді

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гулам Мухтарович Умаров, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов және Жамбыл облыстық сайлауалды шабының мүшесі Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, Тараз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Батырбек Әбдірәсілұлы Құлекеев пен мүшесі Өмен Тасболатұлы Байшығашов, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Айдын Сеитбенбетов, Әйгерім Дәулетбаевалар «Жамбыл Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында үміткерлер  «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық бағдарламаларын таныстырып, қызметлер тарапынан туындаған  бірқатар сауалдарға жауап берді.

Кандидаттар «Қаланың толыққанды өмірін қамтамасыз ету үшін, біз әртүрлі санаттағы азаматтарға жайлы жағдай жасауға, барлық қала тұрғындарының алдағы даму бойынша шешім қабылдауға қатыстыруға міндеттіміз» – дей келе,  сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын жете түсіндіріп өтті.

«Nur Otan» партиясы ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне және аға буын өкілдерінің өміршеңдік белсенділігіне жағдай жасауға көңіл бөлетін болады.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *