Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

АҚШ-та тағы да қанды қырғын: Фестивальде қылмыскер он адамды атып өлтірді

Калифорния штатында қылмыскер он адамды атып

0 52

Қайғылы оқиға кеше түнде Лос-Анджелес орталығынан он шақырым жердегі Монтерей саябағында болды. Мыңдаған адам қытайдың ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдық фестивальін тамашалау үшін жиналған кезде күдікті халыққа оқ жаудырған. Салдарынан қазірдің өзінде кемінде он адам қаза тауып, тағы оны ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккендер түрлі жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың жарақат дәрежелері әртүрлі. Күдікті оқиға орнынан қашып кетті және әлі күнге дейін ұсталған жоқ.Эндрю Мейер, Лос-Анджелес округі шерифінің өкілі

Күдіктінің кім екені және қандай қару түрі қолданылғаны жайлы әлі нақты ақпарат жоқ. Ал, полицейлер бүгінге күнге жоспарланған мерекелік іс-шараларды тоқтатты. Монтерей саябағы Лос-Анджелес қаласынан 11 шақырым жерде орналасқан әрі мұнда тұратын 60 мың адамның басым бөлігі азиялықтар, деп жазады qazaqstan.tv.

Монтерей саябағында адамдарға оқ жаудырған 72 жастағы ер адам екені анықталды және полиция қылмыскердің көлігіне жақындағанда ол өз өзін атып өлтірген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.