Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Ортақ мүдде» шағын гранттар конкурсы аясында оқыту курсы ұйымдастырылды

0 31

2026 жылдың 8 маусым күні Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімдігінің ғимаратында азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған «Ортақ мүдде» шағын гранттар конкурсы аясында  оқыту курсы ұйымдастырылды.

Курсқа заматтық қоғам белсенділері және жергілікті атқарушы билік органдары қатысты.

Іс-шара барысында «Ортақ мүдде» шағын гранттар конкурсының мақсаты мен міндеттері, жобаларды іске асыру бағыттары, грант қаражатын пайдалану талаптары, есеп беру тәртібі және жобаларды жүзеге асыру кезеңдері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаз жобалар туралы ақпарат таныстырылып, олардың қоғам үшін маңыздылығы мен күтілетін нәтижелері талқыланды.

Аталған іс-шара азаматтық бастамаларды қолдау, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру және жергілікті қоғамдастықтардың дамуына ықпал ету мақсатында өткізілді.

Оқыту курсының тренерлері «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенты Азамат Намелбекұлы және «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Полина Александровна болды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.