Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде тұман, ақтүтек боран болады деп болжанады

24 қаңтарда еліміздің 5 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 47

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында Алакөл ауданында солтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде оның екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында солтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.