Таңдаулы жаңалықтар:

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы | Zau.kz

Байтенова Н.Ж. – филос.ғ.д.,профессор

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жорабек Ж. – PhD докторант

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

«Білім – өмір шырағы». Қандай орынды айтылған сөздер...

Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ.  Кез келген адамның жетістігі дамуға ұмтылуымен тығыз байланысты: жаңа білім мен дағдыларды игеріп, оны жетілдіреді, өз өмірін жақсартады. Мақсатқа жету жолындағы кедергілерді сәтті жеңе отырып, қателіктерден сабақ алуды, оларды ресурстарға айналдыруды үйренеді. Бұдан келесідей логикалық қорытынды шығаруға болады: білім мен өзін-өзі дамыту – адамға кез келген есікті ашатын табыстың кілті. Сол сияқты білімді ұрпақ та – елімізге табыстың кілті болмақ.

Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына байланысты екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ. Осы аталған құндылықты сақтап қалу жолында Елбасы Н.Ә.Назарбаев, Президент Қ.К. Тоқаев та бар күшін салып білімді дамытуға қолдау көрсетіп отыр.

Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт — дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге, тәрбиелеуге бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Елбасы  Н. Ә. Назарбаев.

Білім беру экономикалық өсудің негізі екені бәрімізге аян. Бүгінгі таңда елімізде білім беруді дамыту да келесідей негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде: жан-жақты және қазіргі заман талап етілетін білімге қол жеткізу; педагогикалық кадрларды даярлаудың уәждемесін және сапасын арттыру; білім беруді жаһандық ортаға біріктіру.

Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстанның бүкіл халқы үшін білімнің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Еліміздің алға қойған стратегиялық жоспарларында білім беру саласын дамыту бойынша келесідей шаралардың жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн: танымдық дамудың және оқуға деген қызығушылықты ынталандырудың маңызды бастамасы болып табылатын 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту есебінен ұлғайтылуда; орта білім деңгейінде инттелектуалды сайыстар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда; ЖОО шетелмен білім алмасу бағдарламалары қолдау табуда; әрбір адам еңбек біліктілігі бойынша тегін техникалық кәсіптік білім алуда.

Білім беру жүйесі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ болашақ экономикаға қажетті мамандықтарды ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын икемді қалыптастыру арқылы Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Ол үшін функционалдық сауаттылықты, сыни тұрғыдан ойлауды, білім мен дағдыны өмірде қолдана білуді қалыптастыруға бағытталған барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүйелі және тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарының академиялық еркіндік деңгейі және оларды басқаруға қоғамның қатысуы артып келеді. Білім беру ұйымдарының оқу, өндірістік және қаржылық қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы қамқоршылық және бақылау кеңестерінің рөлі артып келе жатыр. ЖОО-ларға оқу бағдарламаларын жасауда дербестік беріліп, түлектерді еңбек нарығына дайындау міндеті қойылады. Әріптестікті кеңейту және білім берудің барлық деңгейіне жеке инвестицияларды тарту білім беру қызметінің сапасын арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Мемлекет басшысының білім беру саласына және саланың маман­дарына қойып отырған талабы өте орынды. Жолдауда атап көрсеткендей, білім беру бағдарла­маларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту білім мекемелерінің қазіргі уақыттағы басты ұстанымдарының бірі болуы тиіс. Өйткені бұл сала заман көшінен, уақыт талабынан қалыс қалмауы тиіс. Өзгеріс қажет. Серпіліс қажет. Мектеп бағдарламалары да заман талабына сайма-сай жетілдіріліп, жаңаруы тиіс. Ал бұл үшін балаларға дәріс беретін ұстаздардың өздері үнемі ізденіп, оқу-білімдерін жетілдіріп, озық тәжірибелерін бөлісуі қажет.

Жаңартылған білім берудің маңыз­дылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйе­сіне өту. Критериалды бағалау кезін­де оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.

Жаңартылған білім беру бағдарлама­сы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегия­лары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Аталған бағдарлама бойынша оқушылардың бойында тілдік дағдыларды қалыптастырудың, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білудің маңызы зор. Бүгінгі ұстаз оқушы бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін тынымсыз еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Мемлекетіміздің білім беру үдері­сіне енген жаңартылған білім беру бағ­дарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағат­тандыратын тың бағдарлама. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұс­таздар алдында оқытудың әдіс-тәсіл­дерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ХХІ ғасырдағы қазақ ұлтының жаңа болмысын қалыптастыру туралы тың ұсыныстар жасаған еді. Бізге парасатты ұрпақ, білімді жас толқын қажет. Осы тұрғыдан алғанда озық елдердің ал­дыңғы сапында болу үшін білім мен ілімге арқа сүйеген, іс тетігін табатын, болмыс-бітімі бәсекелестікке лайық жаңа толқын қалыптастыруды басты бағыт етіп алсақ, бағдардан жаңылмайтынымыз анық.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *