«Адалдық алаңында» ауқымды жобалар бар

Бүгінгі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы халықтық мәртебеге ие болды, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу мақсатында қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп кең ауқымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан жүргізілуде.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталды. Әр түрлі деңгейдегі құқық бұзушылықпен күрестің қандай аспектілері талқыланбасын, оның қолданылуының бір белгісі – сыбайлас жемқорлық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта отырып, нақты міндеттерді белгілеп берген болатын. Заң талаптары күшейтіліп, жазалау тәртібі де қатаңдатылды. Тіпті, сыбайлас жемқорлық туралы хаьарлаған адамдарға сыйақы төлеу жүйесі де енгізілді. Сонымен қатар жемқорлықтың алдын алу мақсатында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүзеге асуда. Расында да қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес. Бұл тұрғыда әрбір азамат мемлекеттің мүддесі үшін осы бір әлеуметтік кеселге жол бермеуге жұмылуы тиіс. Осы орайда  Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Елбасы өзінің «Қазақстан 2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің басым бағыттарының бірі деп атады.

Адалдық – адамгершіліктің негізгі қасиеттерінің бірі, ол шындықты, қағидаттарды ұстануды қабылданған міндеттемелерге адалдықты, істің дұрыстығына субьективті сенімділікті басқалар мен өзіне деген адалдықты, адамды басшылыққа алатын осы себептерге байланысты қамтиды.

Адалдық – моральдың маңызды талаптарының бірі. Адалдық әлеуметтік нормаларды сақтауға негізделген және ар-ожданмен байланысты және адамдардың бір біріне деген сенімінің негізі болып табылады. Адалдықтың талабы бірлескен іс-әрекеттегі әрекеттерді өз ара үйлестіру қажеттілігінен және бірге өмір сүретін адамдардың қажеттілігінен туындайды.

Ш.Бейсенбайұлы, «Сарысу – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің жетекшісі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru