Таңдаулы жаңалықтар:

«Адал көмек» акциясы

21/12/20201min2610

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылған болатын.

Аталған  жобаның негізгі мақсаты — Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында дұрыс бағыт-бағдар беру.

Акция аясында облысқа танымал адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және заңгер-кеңесшілер құқықтық кеңес береді.

Осылайша жыл басынан бастап, жоба аясында 14 акция ұйымдастырылып, 72 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді Ал, онлайн форматта 360 спикердің қатысуымен 300-ге жуық тікелей эфир ұйымдастырып, 200 мыңнан астам қаралым жиналды.