Әбдеш Қалмырзаев

04/10/20183min4240

 

1939 жылы 20-мамырда  Сарысу ауданы,  Саудакент ауылында  дүниеге келген.  Қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991). Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1961), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1981) бітірген. 1961-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-інде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1985-90 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің хатшысы, 1990-94 жылдары Алматы саясаттану және басқару жоғары мектебінің ректоры, 1994 жылдан «Мысль» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. «Құрмет белгісі» (1976), «Достық» (1998) ордендерімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. 2012 жылы дүниеден өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru