Таңдаулы жаңалықтар:

9 желтоқсан — Халықаралық жемқорлыққа қарсы күніне орай Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — өркендеуші ел» атты облыстық форум өтті.

11/12/20201min1550

Облыс әкімінің орынбасары Талғат Шариұлы Мамаевтың қатысуымен өткен іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма өкілдері қатысты.
Форум барысында департамент басшысы Әділхан Хасымханұлы департаменттің жыл бойы атқарған жұмысына тоқталып, жоспарларымен бөлісті. Сондай – ақ, облыс әкімінің орынбасары Талғат Шариұлы «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің жұмысы жайында баяндама жасады. 

Форум барысында қатысушылар арнайы әзірленген әлеуметтік бейнеролик тамашалады. Биыл департамент Дулати өңірлік университетімен бірлесе республикалық адалдық сағатының бейнеролигін әзірлеген еді. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының адалдық, парасаттылық, әділдік негізіне жазылған дәріс көрермендер назарына ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметші, медицина, білім саласының мамандары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, әр саланың үздіктері облыс әкімінің, Агенттік төрағасы мен департамент басшысының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту қоры» Қоғамдық қоры «Азаматтық бақылау» жобасы аясында бірлесе ұйымдастырған «Үздік сынып», «Парасатты қоғам» және «Адал еңбек көрінісі» суретшілер байқауының жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Үздік сынып» байқауына Жамбыл облысының барлық аудандарынан 4073 сынып қатысты. Байқаудың қазылар алқасы үздік деп танылған сыныптарға жүлделі 3 орынды табысталды. Сонымен қатар, «Жомарт сынып», «Көптілді сынып», «Үздік оқырман сынып», «Интеллектуалды сынып», «Шығармашыл сынып», «Шеберлер сынып», «Өнерлі сынып», «Көшбасшы сынып», «Саяхатшы сынып», «Салауатты сынып» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. 

«Парасатты қоғам» байқауына Жамбыл облысы бойынша барлығы 1126 видео келіп түсіп, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 3 видео иелері жүлделі орындарға ие болды.
Ал, «Адал еңбек көрінісі» суретшілер байқауына барлығы 2095 сынып қатысып, қазылар алқасының шешімімен үздік атанған жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.