Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Бекбасов Нұрбол Ержанұлы: «Туған жердің дамуы – әрбір азаматтың ортақ ісі»

0

«Respublica» партиясынан Шу аудандық мәслихатының депутаттығына №14 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Бекбасов Нұрбол Ержанұлы сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кандидаттың бағдарламасы өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және әрбір азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған.

Нұрбол Бекбасовтың пікірінше, әр өңірдің өзіндік мүмкіндігі мен шешімін күткен мәселелері бар. Сондықтан жергілікті жердің өзекті проблемаларын анықтап, оларды кезең-кезеңімен шешу – басты міндеттердің бірі.

Алдағы бес жылға арналған нақты міндеттер

Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, алдағы бес жылда қала тұрғындары үшін маңызды бірқатар мәселенің шешілуіне ықпал етуді көздейді.

Атап айтқанда:

  • №40 мектеп пен Қосқұдық балабақшасының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;
  • Қосқұдық шағын ауданының электр желілерін жаңартуға қаражат бөлінуіне атсалысу;
  • Сәтбаев көшесін жаңғыртуға қажетті қаржының бөлінуіне ықпал ету;
  • Қала көшелеріне жарықтандыру жүйесін орнату және монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау;
  • Балаларға арналған ойын алаңын салуға қаражат бөлінуіне ықпал ету;
  • Қалалық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтеру.

Даму – ортақ жауапкершілік

Бекбасов Нұрбол Ержанұлының сайлауалды ұстанымында адал еңбекке құрмет көрсету, қала мен ауыл кәсіпкерлерін қолдау, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және отбасылардың әл-ауқатын арттыру мәселелері де қамтылған.

Сондай-ақ партия бағдарламасында жергілікті экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қалалық және ауылдық ортаны жақсарту, халықтың өмір сапасын арттыру басым бағыттар ретінде белгіленген.

«Туған жердің дамуы – әрбір азаматтың ортақ ісі» деген ұстанымды алға тартқан кандидат тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарын ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысуды мақсат етеді.

Бекбасов Нұрбол Ержанұлы – 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шу аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауында №14 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша «Respublica» партиясынан ұсынылған кандидат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.