Мұхамедғалиев Руслан: «Халыққа қызмет ететін мемлекет – басты ұстаным»

«Respublica» партиясынан №11 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұхамедғалиев Руслан Махмутович сайлауалды ұстанымдарын таныстырды.
Кандидаттың негізгі басымдықтары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, отандық өндірісті қолдауға, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға және жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.
Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау
Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – сапалы еңбек пен жоғары табысқа қол жеткізуге жағдай жасау. Сонымен қатар бизнес өкілдері үшін түсінікті әрі ашық ережелер қалыптастыру, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету мәселелері қамтылған.
Отандық өнім өндірісін арттыру да негізгі басымдықтардың қатарында. Бұл бағытта отандық тауарлардың үлесін көбейту арқылы бағаның төмендеуіне ықпал ету мақсаты көзделеді.
Жастарға жаңа мүмкіндіктер
Кандидат жастардың әлеуетін ашуға, олардың бастамаларын қолдауға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға ерекше мән береді. Өңірдің дамуы үшін жас буынның белсенділігі мен еңбекке араласуына қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленген.
Халық мүддесі – басты назарда
Мұхамедғалиев Руслан Махмутовичтің ұстанымында халыққа қызмет ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу идеялары басымдыққа ие.
«Әр өңірдің өз болмысы бар, әр адамның мүмкіндіктерге құқығы бар» деген Respublica партиясының қағидатын негізге алған кандидат елдің дамуы әр азаматқа жаңа мүмкіндік беріп, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс деп санайды.
Кандидаттың негізгі ұстанымдары: сапалы еңбек – жоғары табыс, бизнес үшін айқын ережелер, жастар үшін жаңа мүмкіндіктер, отандық өндірісті дамыту және халыққа қызмет ететін мемлекет қалыптастыру.
Мұхамедғалиев Руслан Махмутович – «Respublica» партиясынан Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына №11 сайлау округі бойынша ұсынылған кандидат.