Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Төлентаев Тайрбек: «Ауыл өңірлерінің дамуы – басты басымдық»

0

«Respublica» партиясынан №8 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Төлентаев Тайрбек Анарқұлович Айшабибі және Қаратау ауылдарының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кандидаттың бағдарламасында ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелер қамтылған. Атап айтқанда, ауызсу, жол қауіпсіздігі, қоғамдық көлік, интернет сапасы, абаттандыру және туристік әлеуетті арттыру бағыттарына басымдық берілген.

Ауыл инфрақұрылымы – басты назарда

Айшабибі ауылының ортасынан өтетін облыстық маңызы бар «Жібек жолы» автожолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл көшелеріне кіріп-шығатын тұстарға үдеу және тежеу жолақтарын салу, тиісті жол белгілерін орнату көзделген.

Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан 380 тұрғын үйді таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін қосымша су желісін тарту, су тарату мұнарасы мен сорғысы бар жаңа нысан салуға ықпал ету жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қаратау мен Айшабибі ауылдарының арасындағы тасжолды толық пайдалануға беру, ауылдан тыс жерде мал өлекселерін өртеуге арналған арнайы биотермиялық алаң салу мәселелері де бағдарламаға енгізілген.

Қолжетімді көлік және сапалы байланыс

Ауыл тұрғындарының, оқушылар мен студенттердің Тараз қаласына қатынауын жеңілдету үшін қауіпсіз әрі заманауи автобустар бөлінуіне ықпал ету де маңызды міндеттердің бірі.

Сонымен қатар Айшабибі мен Қаратау ауылдарындағы интернет пен байланыс сапасын жақсарту, тұрғындардың жасанды интеллект саласындағы сауаттылығын арттыру көзделген.

Туризм және ауылдың көркеюі

Кандидат бағдарламасында өңірдің туристік әлеуетін тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше мән берілген.

Атап айтқанда, XII ғасырдағы тарихи ескерткіш – Айша бибі кесенесіне туристерді көбірек тарту және көшпенді қазақ халқының болмысын дәріптейтін «Алтын Шаңырақ» туристік-мәдени орталығын құруға ықпал ету ұсынылған.

Сондай-ақ Айшабибі мен Қаратау ауылдарының көшелерін көгалдандыру, тұрғындардың қосалқы бау-бақша жерлерін суару үшін ағын сумен қамтамасыз ету және Қаратау ауылындағы Бауыржан Момышұлы көшесі, №33 үйге инфрақұрылым желілерін тарту мен қажетті құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсету жоспарланған.

Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру – ортақ мақсат

Төлентаев Тайрбек Анарқұловичтің сайлауалды бағдарламасы ауылдардың өзекті мәселелерін шешуге, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және жергілікті жердің даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Кандидаттың ұстанымы – әр ауылдың қажеттілігін ескеріп, тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарын назарда ұстау. Оның пікірінше, ауылдың өркендеуі ең алдымен инфрақұрылымның сапасына, қолжетімді қызметтерге және тұрғындардың өмір сүру жағдайына байланысты.

Төлентаев Тайрбек Анарқұлович – «Respublica» партиясынан Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына №8 бірмандатты сайлау округі бойынша ұсынылған кандидат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.