Қараджанов Жандос: «Халықтың мәселесі – менің назарымда!»

«Respublica» партиясынан №9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қараджанов Жандос Найманбайұлы сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кандидаттың негізгі мақсаты – Қордай ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету және халық үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру.
Сайлауалды бағдарламасында ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандардың сапалы жұмыс істеуіне атсалысу, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстау мәселелері басым бағыт ретінде белгіленген.
Басты назарда – тұрғындардың тұрмыс сапасы
Жандос Қараджанов депутат болып сайланған жағдайда бірнеше маңызды бағыт бойынша жұмыс жүргізуді көздейді.
Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарының жағдайын жақсарту, санитарлық тазалықты сақтау және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін көтермек.
Сонымен қатар Қордай ауылында салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасы, қауіпсіздігі және белгіленген талаптарға сәйкестігін назарда ұстауды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым – маңызды басымдық
Бағдарламада аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету мәселелері қамтылған.
Бұдан бөлек, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Достық үйі және салынып жатқан сот ғимараты құрылыстарының сапалы аяқталуы мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуына атсалысу көзделген.
Көше жолдарын жөндеу, жарықтандыру жүйесін жақсарту, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру, қоғамдық орындарды абаттандыру және көгалдандыру да кандидаттың назарындағы мәселелердің қатарында.
Халықпен тұрақты байланыс – басты ұстаным
Қараджанов Жандос Найманбайұлы үшін депутаттық қызмет – жай ғана мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Ол тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың талап-тілектерін тыңдау және көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуді негізгі міндеттерінің бірі санайды.
Кандидаттың сайлауалды ұстанымы бірнеше маңызды қағидаға негізделген:
Халықтың мәселесі – менің назарымда!
Сапалы құрылыс – қауіпсіз болашақ!
Таза аула – жайлы өмір!
Өркендеген Қордай – бақуатты халық!
Осылайша, Жандос Қараджановтың сайлауалды бағдарламасы Қордай ауылының күнделікті тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуге және тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.