Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алик Дархан Аликұлы: №11 сайлау округінің дамуына бағытталған нақты басымдықтар

0

Respublica партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Алик Дархан Аликұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында Қордай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдық елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешуге басымдық береді.

Кандидат туралы

Алик Дархан Аликұлы 1991 жылғы 22 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2018 жылы «Қордай-Цемент Сервис» ЖШС директоры қызметінен бастаған. 2023 жылдан бері «Қордай ПГС» ЖШС-ін басқарады. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап «Дархан» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі.

Кәсіпкерлік және басқару саласындағы тәжірибесін өңірдің дамуына бағыттауды көздейтін кандидат №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлауға қатысуда.

Сайлауға қатысудағы басты мақсаты

Кандидаттың айтуынша, округ тұрғындарын толғандыратын мәселелерді көтеріп қана қоймай, олардың нақты шешілуіне ықпал ету маңызды.

Сайлауалды бағдарлама Respublica партиясының «Қуатты экономика мен лайықты өмір партиясы» қағидаттарына негізделген. Онда тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, сапалы медициналық қызмет, қолайлы инфрақұрылым және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қамтылған.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі 6 басымдығы

1. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік

Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға, жастар үшін лайықты жұмыс орындарын ашуға және шағын бизнестің дамуына қолдау көрсету. 2031 жылға дейін округ тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

2. Білім беру және денсаулық сақтау

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерінің техникалық және кәсіптік білім алуына жағдай жасау. Жаңа аурухана салуға және оны заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету.

3. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым

2031 жылға дейін газдандыру деңгейін 94,7%-ға, сапалы ауызсумен қамту көрсеткішін 94%-ға жеткізуге атсалысу. Су жүйелері мен электр желілерін жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының сапасын бақылау.

4. Көлік және жол қауіпсіздігі

Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, мектептер мен әлеуметтік нысандар маңында қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату.

5. Экология және абаттандыру

«Таза Қазақстан» акциясын жүйелі өткізу, елді мекендерді тазарту, қоғамдық орындарды көгалдандыру және заңсыз қоқыс орындарын жою.

6. Қоғамдық қауіпсіздік және инвестиция

2031 жылға дейін 172 заманауи бейнебақылау жүйесін орнатуға бағытталған жұмыстарға ықпал ету. Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және отандық өнім көлемін арттыру.

Қай елді мекендер қамтылады?

Сайлауалды бағдарлама №11 округке қарасты мына елді мекендердің мәселелеріне басымдық береді:

Қордай, Алжан ана, Алға, Мүзбел, Қоғадір, Степное, Арал, Қалғұты, Бетқайнар, Соғынды, Қақпатас, Беріктаc, Сарыбұлақ, Қайнар, Жамбыл, Жаңатұрмыс және Кенен ауылдары.

Бағдарламада бірқатар ауылдағы нақты көше жөндеу және жарықтандыру жұмыстары да көрсетілген. Мәселен, Алға ауылындағы Ж. Алдабергенова көшесін жарықтандыру және 2,2 шақырымын орташа жөндеу, Жамбыл ауылындағы Қосқұдық пен Көгершін көшелерін жарықтандыру, Беріктас ауылындағы Төле би көшесінің 0,7 шақырымын жөндеу жоспарланған.

Тұрғындар мүддесі – басты назарда

Алик Дархан Аликұлының сайлауалды бағдарламасы ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталған.

Кандидаттың негізгі ұстанымы – тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай, оларды мәслихат депутатының өкілеттіктері шеңберінде көтеру және шешілуіне ықпал ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.