Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Жұмада некесін қиды». Желіде Ерке Есмахан мен Raim-ның эксклюзивті суреті жарияланды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында эксклюзивті фото жариялады. Онда соңғы кездері көптің сөзіне ілінген қос әнші Ерке Есмахан меy Райымбек Бақтыгереев мешітте тұрған суреті бейнеленген. Автор олардың жұма күні ақ некесін қидырғандарын жазады

0 131

«Ал ең алғашқы эксклюзив фото! Қасиетті жұма күні ақ некесі қиылған екі жасқа @erke_esmahan @raimusican екі дүниенің бақытын тілейміз…. Жақсы адамдар жақсы тілегін айтады… Барлық әйел бақытты болу керек! Ардақты Хадиша анамыз Пайғамбардан 15 жас үлкен болғанын білесіздер… Әрі бай, әрі сұлу, әрі ақылды анамыз туралы «Барлық жұрт менен теріс айналған, маған сенген жалғыз Хадиша болатын» деп сүйсініп өмірінің соңына дейін аялаған екен… Әрбір жазылған тілек, әрбір сөз өзімізге қайтатынын ұмытпайық… Өз басым барлық адам бақытты болса деймін… Қателескен адам емес тәубаға келген адам сүйкімді мен үшін… Құлаған адам жерде жатып қалмай еңсесін көтеріп тұруға қақы бар шығар?! @erke_esmahan -ның 80 нен асқан анасы барлық пікірді оқып отырады… Аналардың жүрегіне қаяу салмай ақ тілегімізді арнап жіберейікші… Үбірлі шүбірлі болсын, әмин!», делінген жазбада.

Әлеуметтік желі

Сурет: Instagram/aidyn-nury

Айта кетсек, Райымбек Бақтыгереев (сахналық есімі – Raim) Ерке Есмаханның жүрегін ұсынып, өмірінде арқа сүйеген үшінші ер адамы. Алдында олардың жақын қарым-қатынасы жұртқа жария болып, екеуі де бұған қатысты түсінік беруге мәжбүр болып еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.