Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылдық Айнұр Абдықалықова ел чемпионатында топ жарды

0 18
Былтыр қоссайыста 151 келі көтерген жамбылдық спортшы бұл жолы көрсеткішін 13 келіге жақсартып, 164 келіні (72+92) еңсерді.

Талдықорған қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында екі салмақ дәрежесінің жеңімпаздары анықталды.

48 келіге дейінгі салмақта 21 жастағы Валерия Васечко қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен чемпион атанды. Ол қоссайыс қорытындысында 123 келіні (55+68) бағындырды.

Ал 53 келі салмақта Айнұр Абдықалықова тамаша нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Былтыр қоссайыста 151 келі көтерген жамбылдық спортшы бұл жолы көрсеткішін 13 келіге жақсартып, 164 келіні (72+92) еңсерді.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Валерия Васечко (Ақмола облысы) — 123 келі (55+68)

2. Светлана Квасникова (Ұлытау облысы) — 109 келі (49+60)

3. Арина Леванова (Жетісу облысы) — 107 келі (48+59)

53 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:

1. Айнұр Абдықалықова (Жамбыл облысы) — 164 келі (72+92)

2. Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) — 155 келі (70+85)

3. Айгерім Әуелбек (Жетісу облысы) — 154 келі (71+83)

Айта кетейік, 12-18 мамыр аралығында өтетін ел чемпионатына Қазақстанның 16 өңірінен 164 спортшы қатысып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.