Қазақстанда таралымы шектеулі жаңа монета жарық көреді
Қазақстан Ұлттық Банкі «ALTYN ORDA» атты жаңа коллекциялық монетаны таныстырды.
Алтын жалатылған бұл монета 925 сынамалы күмістен жасалған. Салмағы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм. Монета «proof» сапасымен дайындалып, 2 000 теңге номиналымен шығарылады. Жалпы таралымы небәрі 1 000 дананы құрайды.
Коллекциялық монета Қазақстан аумағында заңды төлем құралы болып саналады. Яғни ол белгіленген құны бойынша төлем жасауға қабылданады, сондай-ақ елдегі барлық банктерде шотқа салуға, аударуға, айырбастауға және ұсақтауға болады.
Монета Қазақстан теңге сарайы базасында соғылған. Жақын уақытта сатылымға шығарылады.