Түркістан облысында ағайынды екі бала суға батып көз жұмды
Қайғылы оқиға 31 мамыр күні Еңбекші ауылындағы Ошақты суару каналында болған.
ТЖД мәліметінше, 13 және 8 жастағы балалар ойын кезінде ересектердің қарауынсыз қалып, суға құлап кетіп, ағыс алып кеткен.
Тәулік бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарына 73 қызметкер, 11 техника және 2 жүзу құралы тартылды.
31 мамыр күні 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды.
Келесі күні 2013 жылы туған баланың денесі табылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.