Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Түркістан мен Жамбыл облыстарында жасөспірім қыздардың ерте жүкті болып қалуы көбейген

0 108

Қазақстанда жасөспірім қыздардың көбі жыныстық зорлықтан кейін жүкті болып, бала босанады. Өткен күзде Түркістан облысында 15 жастағы қыздың 71 жастағы көршісінен аяғы ауырлап, балалы болғаны елді дүр сілкіндірген еді. Статистикалық деректерге сүйенсек, кәмелетке толмағандар арасындағы жүктілік оқиғалары Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өте жоғары көрсеткішке жеткен. Бұл өңірлерде жасөспірім қыздардың ерте босануы мен ерте тұрмысқа шығу деректері жиі тіркеледі.

Антирекорд көшін қай өңірлер бастап тұр?

Ең алдымен, жасөспірімдер арасындағы бала туу жиілігіне тоқталайық. Статистикадағы бұл сандар әр 1 000 жасөспірім қыздың ішінен қаншауы ана атанғанын көрсетеді.

Республикалық деңгей: 2025 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 15 пен 19 жас аралығындағы әр 1 000 қыздың 13-ке жуығы (нақты 12,96) босанған. Бұл көрсеткіш тұрғылықты жерге байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Қалада әр 1 000 жасөспірім қыздың 10-ы босанса, ауылда бұл көрсеткіш жоғары — әр 1 000 қыздың 16-17-сі (нақты 16,63) ана атанған.

Жасөспірімдер арасындағы бала туу жағдайлары негізінен еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жиі кездеседі. Әсіресе, келесі үш облыстағы жағдай ушығып тұр.

Жамбыл облысында әр 1 000 жасөспірім қыздың 20-ға жуығы (19,67) босанған. Бұл — еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Маңғыстау облысында әр 1 000 жасөспірім қыздың 19-ға жуығы (18,87) ана атанған.

Түркістан облысында әр 1 000 жасөспірім қыздың 18-19-ы (18,51) босанған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын табысы төмен және орташа елдерде 21 миллионнан астам жасөспірім қыз жүкті болады. ДДСҰ мамандары 15 пен 19 жас аралығындағы қыздардың өліміне әкелетін негізгі себептердің бірі — ерте жүктілік пен босану кезіндегі қиындықтан екенін ескертеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.