Грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі алынып тасталмақ
Вице-премьер Аида Балаеваның айтуынша, ҰБТ-ны тұтастай жаңғыртып, оны бір рет тапсыратындай етіп бекіту қажет.
Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті әрі ең басты баға ретінде қарастырылуы тиіс.
Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері де ескерілмек.
Айта кетері, 2022 жылы үміткерлерге білім беру грантына қатысу үшін үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілген болатын.