Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкентте бір ай бұрын дүниеге келген үшемдер бүгін үйіне шығарылды.
Ауыр жағдайда босанған ана мен перзенттері бұған дейін дәрігерлердің жіті бақылауында болған.
2025 жылғы 28 қараша күні Айгерім есімді келіншек ота жолымен үшем қызды дүниеге әкелді. Салмақтары 1300-1500 грамм аралығында болған нәрестелер алғашқы тәулікте қалалық перзентханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, кейіннен 39 күн бойы нәрестелер патологиясы бөлімінде ем қабылдады.
Ал 5 қаңтар күнгі жағдай бойынша сәбилер салмақ қосып, 2300 грамға дейін жетті. Қазіргі таңда нәрестелер мен ананың жағдайы тұрақты. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде үшем өмірге сәтті бейімделіп, қалыпты дамуда.
Қала әкімдігінің дерегіне сүйенсек, өткен жылы Шымкентте 27 457 нәресте өмірге келген. Олардың қатарында 286 егіз және 5 үшем бар.