Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда бүгін Ережеп айы басталды

Мұсылмандарда қасиетті үш ай бар. Ережеп айы - соның бастауы. Оның артынан іле-шала Шағбан және Рамазан айлары келіп жетеді. Қазақстан мұсылмадары діни басқармасы бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылатынын, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болатынын айтады

0 1

«Ережеп – берекелі һәм ұлық ай. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген».Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді.

«Ғалымдардың бірі: «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол себепті, бұл айды барынша пайдалы өткізіп, ғибадат жасап, дұға етіп, араздасқандар бір-бірімен жарасып, татуласу керек. Алла Тағала баршамызға Ережеп айының игілігі мен берекесін нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин!».Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.