Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында қоғамдық көлік қызметтері мен әуе қатынасы кеңейіп келеді

0 58
Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2025 жылы өңірде жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша 155 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде:
•13 – облысаралық,
•27 – ауданаралық,
•72 – ауданішілік және ауылішілік,
•43 – қалалық бағыттар.
Әлеуметтік маңызы бар 117 маршрутты субсидиялауға 6,8 млрд теңге бөлінді. Тараз қаласы бойынша қоғамдық көлік қызметін 8 тасымалдаушы мекеме көрсетіп, 360 автобус күнделікті желіде қызмет атқаруда.
2025 жылы:
•10 жаңа автобус маршруты ашылды (8 ауданішілік, 2 қалалық);
•8 елді мекенді қамтитын 4 маршрут ашу,
•Тараз қаласында қосымша 3 маршрут ашу жоспарланған.
Автопаркті жаңарту аясында 35 жаңа автобус жеткізілді, жыл соңына дейін тағы 72 автобус жеткізіледі.
Сонымен қатар, “Халықаралық Әулие-ата әуежайынан” Астана, Алматы және Атырау бағыттарына тұрақты рейстер орындалады. Билет бағасы:
•Тараз – Алматы:
•Тараз – Атырау:
            Тараз — Астана рейстері
коммерциялық бағыт ретінде жұмыс істеуде.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.