Жамбыл облысы қазынашылық департаментінің тарихы

 

Қазынашылық жүйесінің құрылғанына 25 жыл болғанына  қарамастан, осындай аз ғана уақыт ішінде Қазақстан қазынашылығы еліміздің бюджет жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасудан даму арасында зор жолды өткеріп, мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінде маңызды және беделді орынға ие болды. Әрбір мемлекеттік органның табысты жұмысы көптеген жағдайда бірінші басшыға байланысты болып келеді. Қазынашылық қызметтің басшылығында демократиялық қайта құруға бағытталған жоғары кәсіби, сауатты және шебер тұлғалардан тұрды. Қазақстанның бірінші мемлекеттік қазынашысы — Қазақ халық шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірген, Қаржы министрлігінде экономист қызметінен министрдің орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен Мырзахмет Қожахметұлы Ауанов болды.

Жамбыл облыстық Қазынашылық жүйесінің құрылуы 1995 жылдың 25-ші сәуіріне жатады.

ҚР ҚМ 1995 жылдың 7-ші ақпанындағы ҚР ҚМ Қазынашылықтың облыстық басқармаларын құру туралы бұйрығының негізінде штаттық саны 10 адамнан тұратын Жамбыл облыстық қазынашылық басқармасы құрылды.

1995 жылдың 25 сәуірінде ҚР ҚМ бұйрығымен басқарма бастығы қызметіне Жайлауов С.Ж тағайындалды.

1996 жылдың қыркүйек айында штаттық саны 14 адамнан тұратын аудандық қазынашылық өкілдері құрылды.

1998 жылдың қаңтар айында Бюджеттік банкінің жойылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері аумақтық қазынашылық органдарына берілді.

1996 жылдың тамыз айынан бастап облыстық қазынашылық басқармасын Бақтымбет Ә.С басқарды.

2004 жылдың маусым айынан бастап ҚР Үкіметінің №695 Қаулысының негізінде облыстық қазынашылық басқармалары Қазынашылық Департаменттері болып қайта құрылды.

Облыстық қазынашылық департаменттерінің әрқайсысы-орналасқан аймағы мен халық саны,өндірістік және әлеуметтік базасының бар-жоқтығына қарай ерекшелінетін,өз алдына бөлек,толыққанды,өз міндеттері мен мақсаттары бар ұжым.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы қазынашылық департаментінде қазынашы мамандардың саны 162 мемлекеттік қызметшіні құрайды, оның облыс орталығында- 77 , аумақтарда- 85 қызметкер жұмыс істейді.

Қазынашылық департаментінің бөлімдері 171 мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді. Оның ішінде 115 облыстық бюджет, ал 56 республикалық бюджет мекемелері.

Қазақстан -2030 Даму стратегиясына сәйкес, қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі салықтар мен басқа да төлемдерді уақытылы есепке алуға, ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың өздеріне бөлінген қаржы ресурстарын тиімді басқаруына және мемлекеттік бюджеттің транспаренттігіне бағытталған,басқаша айтқанда, Қазынашылық, Президент қойған негізгі мақсат-мемлекеттік қаржыны тиімді басқару жолында жемісті жұмыс атқаруда.

Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесін енгізу аумақтық бөлімшелерінің ішкі құрылымын реформалау және қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін жағдай жасау, білікті кадрлардың тұрақтамауын қысқарту қажеттігін туындатқызды. Қазынашылық комитеті функцияларының бюджетті атқарудағы рөлі мен маңызын түсіне отырып, Қазынашылықтың облыстық басқармаларының мәртебесі көтерілді, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысымен облыстық аумақтық органдар облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері болып өзгертілді.

Департаменттің бөлімдері қазіргі уақытта республикалық және жергілікті бюджеттің мемлекеттік  мекемелеріне  қызмет көрсетеді.

Табысты жұмыс атқару барысында көптеген мамандар Қазынашылықтың қамымен өмір сүреді,  олар әрдайым оңтайлы шешім табуға және туындаған жағдайлардан оңтайлы  шығуға тырысады.

Қызметтің барлық кезеңінде Қазынашылық өзін перспективалы дамып келе жатқан қаржы институты тарапынан көрсетті. Ол барлық деңгейлерде бюджеттік рәсімдердің орындалуын қатаң бақылай отырып, мемлекеттік қаржыны жедел басқару үшін ақпараттық негіз болып табылады. Осының барлығы қазынашылық қызметкерлерінің сауатты және білікті жұмысының және мемлекеттік бюджеттің атқарылуына тиімді бақылауды қамтамасыз етудің арқасында жүзеге асырылады.

Егеменді Қазақстанның артында тараздықтардың да әл-ауқатының жақсаруы тұрған экономикалық саясат жүргізуіндегі жауапкершілікті сезініп, Қазынашылық , басқарма жүйесінің маңызды тетігі бола отырып, өз қызметін одан ары жетілдіру, әкімшілендіру сапасын жақсарту бойынша ізденіспен жұмыс істеуде.

 

    Рақым Мыңбаев,  Жамбыл облысы бойынша қазынашылық

департаментінің басшысы                                                     

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru