«Жақсының жақсылығын айт…»

«Кең болсаң – кем болмайсың» демекші, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ  облысымызда игі істердің жаршысы болуда.

Нақтырақ айтқанда 200 отбасыға қайырымдылық әлеуметтік көмегін үлестірілді. Сонымен қатар  Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында акционерлік қоғам төрағасы Бақберген Бөлдешұлы майдангерлерге сый – құрметін жасап,  «Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге  жылу мен ыстық су тегін» деген қаулы шығарды.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші, талай жандардың алғысына бөленіп келе жатқан Бақберген ағамызды мына қауіпті індеттің салдары мен көмек сұраған халықтың сұранысы тағы бей — жай қалдырмаса керек. Сәйкесінше аға буынның да атпал азаматқа айтар алғысы зор.
Лайым, ақ сақалды қарияларымыз бен көптің тілеуі қабыл болсын!

Гүлжан Байтанаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *