Таңдаулы жаңалықтар:

«ТУҒАН ЕЛІҢ – ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҚСЫ БІЛЕСІҢ БЕ?» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ | Zau.kz

Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «ТУҒАН ЕЛІҢ – ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҚСЫ БІЛЕСІҢ БЕ?» атты республикалық балалар оқулары байқауының қалалық іріктеуінен өткен Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінің оқушыларымен және ұстаздарымен кездесіп, аталмыш сайыстың ІІ — кезеңінде жеңімпаз атанған оқушыларға «Шұғыла» баспасының кітаптарын тапсырды.

«Туған елің — Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру аясында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен таныстыру, сонымен қатар жас ұрпақ бойында еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жағыру» бағдарламасының идеяларын сіңіру.

5-6 сынып оқушылары арасынан 24 ІТ мектеп-лицейінің Төлен Саян, Нұрдәулет Кәусар, Кожаш Айгерім, Есенбек Нұрай және Алмаханбет Ақбота жарысқа қатысып, өңіраралық жарысқа жолдама ұтып алған болатын. №24-мектеп оқушылары білімде де, өнерде де жоғары орындардан үнемі көрініп жүретін білім орны. Жеңімпаздарды дайындап,білімін шыңдап жүрген 24-мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жолдасова Айгерим Муханбетовна да өз мамандығының майталманы.

Айта кетейік, балалар оқулары байқауына алдымен қаланың 4 аудан бойынша 344 оқушы қатысқан болатын.
Байқау шарты бойынша оқушыларға алдын ала «Сиқырлы жұлдызша», «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» , «Сиқырлы қазғыш — таяқша» , «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» кітаптары оқуға берілген. Байқау барысында осы оқыған кітаптар мазмұны бойынша ашық сұрақтарға жауап беру керек.

Үшінші кезең аймақтық қағидаттар бойынша командалар арасында өткізіледі:
— Батыс (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары);
— Оңтүстік (Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары);
— Солтүстік (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары);
— Шығыс (Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары);
— Республикалық маңызы бар қалалар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары).

Жеңімпаз атанған оқушылар желтоқсан айында республикада бақ сынасады. Ал өңіралалық сайыс онлайн режимде 26 қарашада өтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *