Тоқаев Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы жаңадан сайланған World Boxing президентін қабылдады.
«Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз», — деді президент.
Тиісті лауазымдар
Президент спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне жоғары баға берді.
Сондай-ақ Головкин жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екенін атап кетті.