Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль Иранға соққы берді
Reuters агенттігінің мәліметінше, соққы Иранның ядролық бағдарламасы мен әскери инфрақұрылымына қатысты нысандарға бағытталған.
Жарылыстардың үні Натанз қаласындағы ядролық орталық маңында анық естілген.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді:
«Біз Иранның ядролық отынды байыту бағдарламасының жүрегіне соққы жасадық. Сонымен қатар, баллистикалық зымырандар бағдарламасының да негізгі орталықтарына шабуыл жасадық. Иран бізге қауіп төндіре алатын әлеуетін әлі де сақтап отыр. Операция қажеттілікке қарай жалғаса береді», — деді ол.
Батыс БАҚ-тың хабарлауынша, Израильдің әуе күштері Иранның әскери және ғылыми жетекшілеріне бағытталған дәл соққылар жасаған.
Қаза тапқандардың арасында:
– КСИР штабының бастығы Хоссейн Салами,
– Ядролық сала мамандары Ферейдун Аббаси-Давани мен Мохаммад Мехди Техранчи бар.
Иран баспасөзінің ақпаратына сәйкес, Аятолла Хаменеи кеңесшісі Али Шамхани ауыр жараланған.