Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстанның жас суретшілерінің көзімен

20/11/20201min210

2020 жылдың 6-26 қараша аралығында «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры республикалық «Адал еңбектің жарқын бейнесі» жас суретшілер байқауын ұйымдастыруда.
Шықармашылық байқауға еліміздің барлық өңірінен 7-9 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқауға қағаз (картон) бетінде орындалған А3, А4 форматындағы жұмыстар қабылданады. Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаш, фломастер, бор, аралас техника және т.б.). Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.
Байқауға қатысатын жұмыстар Агенттіктің аумақтық департаментіне 2020 жылғы 26 қарашасына дейін жолдануы тиісті.
Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың 30 қарашасында жарияланатын болады.
Қазылар алқасынің шешімімен үздік деп танылғандар бағалы сыйлықтармен марапатталады және Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.