Таңдаулы жаңалықтар:

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШТІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

Күрделі отаны эндоскопиялық әдіспен жасау үшін шымкенттік дәрігерлерге Ақтау қаласындағы «Sofie Med» клиникасының онкохирургі Мұхамеджан Нұрғазиев шеберлік сабағын өткізді.
Эндоскопиялық әдіспен жасалған күрделі ота ақтаулық дәрігердің қатысуымен өтті. Бұған дейін жергілікті онкологтар өңештегі ісікті емдеу үшін ашық ота жасап келген болатын. Мұндай отадан кейін асқынулар жиі кездеседі дейді мамандар.
«Мұндай отаны ашық әдіспен жасайтынбыз. Ота күрделі болғандықтан, асқынулар көптеп кездесетін. Мұхамеджан Нұрғазиевтің шеберлік сабағында кеуде және іш қуысын ашпай-ақ, тіліксіз ота жасауды үйрендік. Аталған операция оңтүстік өңірде алғаш рет жасалынып отыр. Эндоскопиялық әдістің біршама артықшылықтары бар. Жаңа әдіспен ота жасауға дайынбыз, оған қажетті жабдықтың бәрі бар», дейді орталықтың хирургия жөніндегі орынбасары Самат Тастемірұлы.
Одан бөлек, тәжірибе алмасу барысында қалқанша безі ісігіне шалдыққан екі науқасқа, бүйрек ісігі, асқазан қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға тіліксіз ота жасалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *