Шуда әкім ауысты

Бағдат Сабырұлы Есбергенов Шу ауданы Алға ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.

Б.С. Есбергенов 1983 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Алға ауылында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

2002 жылы Теміртау политехникалық колледжін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика саласын құқықтық реттеу мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылдан «ЖҚБ-85» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

2003-2005 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінде әскери борышын өтеген;

2006-2008 жылдары Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінде полиция қызметкері;

2008-2009 жылдары аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;

2010-2011 жылдары аудан әкімінің бас инспекторы;

2011 -2016 жылдары Тасөткел ауылдық округінің әкімі;

2016-2018 жылдары Шу ауданы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

Отбасылы, 2-ұл тәрбиелеп өсіруде.

Жұмахан ЧЕКАЕВ