Сарысулықтар тыныс алу аппаратын сыйлады

27/07/20201min540

Қазір елімізде коронавирус індеті таралып, бұл індетке өкпе қабынуы қосылып өкінішке орай ауруханаларда жасанды тыныс алу аппараты мен қарапайым халыққа дәрі-дәрмекке деген қажеттілік өткір күйінде тұр.

Осы орайда пандемия кезеңінде Сарысу ауданында да көптеген қажетті жобаларды қолға алған.

Осы жобаларды жүзеге асыру барысында аудан жанашырлары, жерлестеріміз де қолдау көрсетіп келеді.

Бұл азаматтарға Алла разы болсын!

Кеше аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов қор ашып талай қайырымдылық істердің ұйытқысы болып жүрген азамат Әлкеев Байман Серікұлымен кездесіп, аудан жұртшылығы атынан игі істеріне алғысын жеткізді.

Осы күні Байман Серікұлы Сарысулықтар қорының
демеушілігімен аудандық аурухананың дәрігерлеріне алты жасанды тыныс алу аппаратын табыстады.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *