САРЫСУДА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сарысу ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Құдайберген Жамбылұлы Рысдәулет тағайындалды.

Құдайберген Жамбылұлы Рысдәулет 1981 жылы 5 қазанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.

2002 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту, 2010 жылы «Әулие-Ата» университетін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Өндіріс ауылында Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2004-2005 жылдары Өндіріс ауылында Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2005-2008 жылдары аудандық «Сарысу» газеті редакциясының сараптамашысы, 2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің маманы, аға маманы, бас маманы, басшысы, 2014 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.