Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 14 тамыз күнгі «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту туралы» №32 Қаулысына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар мен түзету кабинеттерінің жұмыстары штаттық режимде қайта жанданатыны туралы қаулысын басшылыққа ала отырып, Сарысу ауданына қарасты түзету кабинеттері мен бөбекжай-бақшалар және шағын орталықтардан кезекші топтар ашылып, жұмыс жасайтын болады.
— Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың келу санына байланысты (15 баладан артық емес) жас деңгейін сақтай отырып, кезекші топтар ашылады. Түзету кабинеттеріне әр топта 5 баладан артық қабылданбайды;
— Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда, түзету кабинеттерінде 2 сағат сайын зарарсыздандыру-тазалық жұмыстары жүргізіліп, кварцтау сақталады;
— Күнделікті тәрбиеленушілер, мүмкіндігі шектеулі балалар топқа және қызметкерлер жұмысқа қабылдау кезінде таңертеңгі сүзгіден (фильтр) міндетті түрде өткізіледі;
— Балабақшаларға келмеген тәрбиеленушілердің орны сақталып, меншік түріне қарамастан мемлекеттік тапсырыстың орналастырылуы жалғастырылады;
І. Баймағанбетов, Сарысу аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы.