Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

ҚР ОСК Мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялардың атын атады

ҚР Орталық сайлау комиссиясында отырыс өтіп, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізім бойынша қатыса алатын партиялардың аты аталды

0 55

Сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша 70 пайызы сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға ғана тиесілі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отыр. Олар: «Қазақстанның Халық партиясы» (2002 жылы сәуір айында тіркелген); «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – (2000 жылы наурызда); «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» (2007 жылы қаңтарда), «AMANAT» партиясы (1999 жылы ақпанда), «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы (1999 жылы ақпанда), «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы (2022 жылы қарашада), «Республика» партиясы 2023 жылы қаңтар айында тіркелген. Барлық аталған саяси партиялардың жарлықтарында партия Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы екені көрсетілген».ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова

Оның айтуынша, саяси партиялар партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшесі емес адамдарды ұсына алмайды. Бұл ретте, партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша да ұсыныла алмайды.

«Партиялық тізімдер бойынша саяси партиялар осы шақырылымда мандаттар санының 50% мөлшерінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсына алады. Ол үшін Сайлау заңының 103-бабының 4-тармағына сәйкес, саяси партияның тиісті филиалының жоғары басшылығының шешімі азаматтың партиялық тізімге енуіне келісім беру туралы өтінішімен бірге беріледі».Алма Мұқанова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.