Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдері, көкөністер мен астық бағасы қаншаға өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші бағасының индексі бір жылда (2022 жылғы желтоқсанда 2021 жылғы желтоқсанға) 109%, өсімдік шаруашылығына – 107,7%, мал шаруашылығына – 112,6% құрады

0 362

Өсімдік шаруашылығы бойынша қант қызылшасының бағасы ең жоғары 29,8%-ға өсті. Дегенмен, асхана қызылшасының бағасы 6,9 пайызға арзандады. Сондай-ақ, өндіруші бағалар қиярға – 18,5%-ға, пиязға – 10,9%-ға, қызанаққа – 6,5%-ға, картопқа – 2,4%-ға өсті.

Дәнді дақылдардың ішінде жүгері – 17%-ға, арпа – 13%-ға, күріш – 10,4%-ға және бидай – 9,3%-ға қымбаттады.

Мал азықтық дақылдар бір жылда 12,4%-ға, кептірілген бұршақ 8,4%-ға, күнбағыс тұқымы 5,4%-ға қымбаттады.

Бұл ретте баға қырыққабатқа – 0,4%-ға, асханалық сәбізге – 0,3%-ға, зығыр тұқымына – 4,1%-ға және кептірілген жасымық – 2,6%-ға төмендеді.

Мал шаруашылығы санатында өндіруші бағалар жыл ішінде ең жоғары шикі сүтке (сиыр, бие, түйе) – бірден 23,7%-ға, жұмыртқа – 18,6%-ға және балға – 1%-ға өсті.

Сонымен қатар тірі салмақта шошқа 27,7%-ға, құс 10%-ға, жылқы 8,2%-ға, қой мен ірі қара малдың әрқайсысы 7,4%-ға өсті.

Бірақ қой мен ешкіден қырқылған жүн бағасы (оның ішінде жүнімен жуылған) 14%-ға төмендеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.