Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстан су тасқынынан қауіптеніп отыр

ҚР Экология министрлігі жағдай толық бақылауда деп сендіреді. Дегенмен бірнеше облыстың тұрғындары биылғы қыста жауын-шашынның көп болуынан әлі де жоғары су келеді деп қауіптеніп жатыр

0 638

Петропавлда Есіл суынан кейін кейбір үй апатты жағдайда қалды. Содан бері көптеген саяжайларды иелері тастап кеткен. Дәл осындай қауіп қазір Шығыс Қазақстанда да байқалады. Су 70 ауыл мен қалаға жетеді.и Бұл туралы Астана телеарнасы мәлімдеді.

Мұның бәрі температураның күрт өзгеруіне байланысты. Температура біресе +5, содан соң -30 болады. Ал еліміздің батысында су қоймалары белсенді түрде тексеріліп жатыр.

Кировскийден басқасының жағдайы қанағаттанарлық, былтырдан бері жөнделді. Бұған жергілікті және республикалық бюджеттен 200 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бірақ мамандардың айтуынша, бүгінде ең бастысы – арналарды тазалау.

«Қазгидромет» биыл су мол болады деп болжап отыр. Барлық жерде су мөлшері нормадан жоғары болады. Бүгінде барлық дерлік облыстарда жауын-шашын әдеттегіден көп түсті (шамамен 90%).

Әзірше ауа райы болжамын мұқият қадағалап, кез келген табиғи апатқа дайындалу ғана қалды. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты шектерде болады деп болжанды. Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында күн әдеттегіден жылы болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.