Таңдаулы жаңалықтар:

«Парасат жолы» жобасы аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шырағы» әдеби кеші

10/03/20211min2030

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап Республика аумағында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жоба басталғаннан бастап Жамбыл облысында жалпы саны 30 іс-шара ұйымдастырылып, іс-шараларға зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Халықаралық әйелдер күні  – 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды . 1975 жыл – Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда 8 наурыз демалыс күні боп табылады.

Іс-шара қонақтары:

—           Битенова Үміт Қыранқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Талас аудандық мәслихат депутаты, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі;

—           Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары;

—           Абдинова Эльмира Елеусізқызы – Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі;

Сөз сөйлеушілер:

—           Қуанышбай Мейірман Жарылқасынұлы – Жамбыл жоғары мед.колледжі домбырамен ән айтады;

—           Омар Диана Ахметбекқызы – Жамбыл жоғары мед.колледжі / мәнерлеп оқу;

—           Оңалбек Аружан Айдосқызы – Жамбыл жоғары мед.колледжі / мәнерлеп оқу;

—           Мұстафа Әбдірайым Жарасбайұлы – Тараз иновациялық-гуманитарлық университеті / мәнерлеп оқу;

—           Құдайберген Еркенұр – Тараз иновациялық-гуманитарлық университеті / мәнерлеп оқу.