Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Өмірін — өнегемен өрнектеген

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Кабиева Айгүл Қабиқызына арналған «Өмірін - өнегемен өрнектеген» тақырыбы аясында «Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы» атты шығармашылық бенефис кеші өтті

0 6 893

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 21 — мамыр «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасымен бірлесіп, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Білім саласының үздігі, «Ерен еңбегі» мен «Бірлік алтын» медалінің иегері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Кабиева Айгүл Қабиқызына арналған «Өмірін — өнегемен өрнектеген» тақырыбы аясында «Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы» атты шығармашылық бенефис кеші өтті.

Кеш шымылдығын кітапхана директоры ҚР Мәденит саласының үздігі, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Елеусізқызы ашып, ыстық лебізін арнап, құрметті қонаққа гүл шоқтарын тарту етті.

Сондай-ақ бенефис кешіне арнайы шақырылған зиялы қауым өкілдері мен өнер жолында қатар жүрген әріптестері бенефис кештің басты кейіпкері Айгүл Қабиқызының еңбек жолы, шығармашылығы мен ұстаздығы, сонымен қатар тағылымды ғұмыры жайында сыр шертті.

Әсерлі әңгіме мен жылы естелік, тағлымды ойлар айтылған шара барысында кітапхана қызметкерлері мен өнерімен болашаққа қанат қаққан шәкірттері ән мен күйден тарту тартып қонақтар мен кітапхана оқырмандарына жақсы леп сыйлады.

Сәні мен салтанаты жарасқан кеш соңында ұйымдастырушыларға, еңбек жолында қатар жүрген замандастарына, ізін басқан жастарға, кітапсүйер оқырманға зор алғысын жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.