Таңдаулы жаңалықтар:

NUR OTAN-ДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ | Zau.kz

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау жүргіздім.

Жалпы саны 6 азамат алдын-ала қабылдауға жазылған екен, барлығының мәселелерін мұқият тыңдап, заң аясында түсініктер мен кеңестер беруге тырыстым. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға кімге жүгіну қажеттігін де айтып, бағыт-бағдар бердім.

Қабылдауға келген қала тұрғындары баспана мәселесімен және әлеуметтік көмек сұрап келіпті. Бір азамат кредит алып, соңы төлемегендіктен дауға айналғандықтан, заң аясында көмек сұрап келіпті.

Қоғамдық қабылдауға келген барша қала тұрғындарын тыңдап, өтініш иелеріне қалалық мәслихат депутаты ретінде қолымнан келгенше көмегім беретінімді жеткіздім және көкейлеріндегі сұрақтарына заң аясында жауап бердім.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *