Меркіде «Анаға тағзым» ескерткіші бой көтерді

Күннен күнге көркейіп, көріктеніп, сәулетіне сәулеті сай болып, жасарып, жаңарып келе жатқан Меркі ауданында осыдан екі жыл бұрын белгілі қоғам қайраткері, айдарлы ақын Мұхтар Шаханов Димаш Қонаев пен Асанбай Асқаровқа «Бір таудың қос шыңы» деп баға берген Меркінің тау тұлғалы азаматы, Асекеңе, Асанбай Асқаровқа ескерткіш қойылып, 90 жылдығы кеңінен аталып өтілген еді.


Енді міне, Ұлыстың ұлы мерекесі – Әз-Наурыз құрметіне мерейлі Меркінің мәрт азаматы, танымал мүсінші Темірхан Көлжігітұлы аудан орталығындағы саябақта өз күшімен, демеушілігімен «Анаға тағзым» атты биіктігі 4,5 метр, тұғырының бойы 5 метрге жуық, алақанына сәбиін салып аялап, қондырған, көгершінін қалықтатқан асыл ананың ескерткішін тартулады. Мұндай алтынға бергісіз сыйға, анаға құрметке жүрегіміз жарылардай қуандық. «Анаға мың тағзым» деп басымызды исек, Темірхан ағамызға мың алғысымызды білдірігіміз келеді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен Алтын, асыл аналарымызға мың алғыс, мың тағзым!

Ләззат Құралбаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *