Мәслихат сайлауына Respublica партиясы неге қатыса алмайтыны айтылды
19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға Respublica партиясы қатыса алмайды және "Байтақ" жасылдар партиясына қатысты ішінара шектеу бар. Бұл туралы ОСК-да өткен жиында белгілі болды
Сонымен мәслихаттар сайлауына Қазақстанның бес саяси партиясы ешқандай шектеусіз жіберілді:
— «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
— «AMANAT» партиясы;
— «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
— Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
— Қазақстан Халық партиясы;
— «Байтақ» Жасылдар партиясы (ішінара);
«Байтақ» саяси партиясы кей аймақта құрылымдық бөлімшелерінің болмауына байланысты, тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында мәслихат депутаттығына өз үміткерлерін ұсына алады. Respublica партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелердің болмауына байланысты мәслихат сайлауына жіберілмеді».ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Төраға мәслихаттарға депутат кандидаттарын ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанға дейін жалғасатынын атап өтті.
Егер «Байтақ» және Respublica партиялары осы кезеңде өңірлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашып үлгерген жағдайда тиісті сайлауға қатысуға рұқсат ала алатыны да ескертілді.
Айта кетсек, алдында мәслихат депутаттығынан үміткер төлеуі тиіс сайлау жарнасының көлемі жарияланған болатын.