Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жас балуандар белдесті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай Сарыбұлақ ауылдық округінде Қордай ауданы бойынша балалар және жасөспірімдер арасында «Спорт – денсаулық кепілі!» тақырыбында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және №5 БЖШО бірлесе отырып қазақша күрестен жарыс ұйымдастырып өткізді.


Даму тарихы тереңде жатқан спорттың бүл түрі – адамды төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Күш жетілдіретін қазақша күресте жасөспірімдер 8 салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.

Қорыта келгенде: 29 кг салмақ дәрежесі бойынша І орынды – Ботағараев Нұрислам, ІІ орынды – Нұрмағанбетов Береке, ІІІ орындарды – Максутов Ахмет және Худайберген Бағдаулет; 32 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орынды – Амантай Ерсін, ІІ орынды – Таңірберген Нұрасыл, ІІІ орынды – Талғат Мерхан және Мұххадыр Азамат; 35 кг салмақ дәрежесі бойынша:І орынды – Бақтай Абай, ІІ орынды – Ермек Нұрдаулет,ІІІ орынды – Талғат Жылқыайдар және Сағындық Ерсұлтан; 38 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орынды – Жанабаев Жансейт, ІІ орынды – Жұмабек Айбар, ІІІ орынды – Қайрат Алихан және Бейсенбай Арнат; 42 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орынды – Мешітбаев Абылай, ІІ орынды – Ермек Рамазан, ІІІ орынды – Нұрлан Арман және Кебекбаев Заир; 46 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орынды – Бекболат Мирас, ІІ орынды – Рахат Алижан, ІІІ орынды – Тоқтаған Нұрдос және Олжабай Олжас; 50 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орынды – Тойлахан Диас, ІІ орынды – Кеңес Алишер; +50 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орынды – Бауыржан Жарқын, ІІ орынды – Қали Абылай, ІІІ орынды – Смағұл Арсен және Толыбаев Данияр иеленді.

Қазақша күрес жарысының жеңімпаздары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.