Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық Сейдеходжаевтар отбасының өнегесі – жастарға үлгі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен тағылымды шара өтті. Игі шара барысында аталған орталықтың директоры Расул Бедельбаев еріктілермен бірге 30 жыл некеде тұрған, үлгілі-өнегелі отбасылардың үйіне барып, «Отбасы күні» мерекесімен құттықтады. Мекеме басшысы 30 жыл некеде тұрған Сейдеходжаевтар шаңырағында қонақта болып отбасы мүшелеріне ыстық ықыласын, жылы лебізін білдірді.

«Сіздер, өмір бойы бірге болып, бір-біріңізге деген адалдықты сөзбен емес, іспен дәлелдеп келе жатырсыздар. Отбасылық өмірдің құндылығын сездіріп, ауыл жастары мен еріктілерге үлгі болдыңыздар. Зор денсаулық, табыс пен бар жақсылықты тілеймін», – деді мекеме басшысы отбасы мүшелерін құттықтау барысында.

Ыстық лебізбен қарсы алған шаңырақ иелері мекеме басшысының арнайы құттықтап келгеніне ризашылық білдіріп, алға қойған  бастамаларына сәттілік, ұжымға шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, Расул Бедельбаев кездесу соңында Сейдеходжаевтар әулетіне мерекелік сыйлығын тарту етті.

«Отан – отбасынан басталады» деп дана қазақ тегін айтпайды. Отбасылар татут-тәтті болса, Отанның іргесі берік болады. Қазіргі жастар соны жете түсінгендері абзал. Отбасын құру – үлкен жауапкершілік. Айналайындар, осы жолда жемісті жұмыс жасаңдар»,-деді үй егесі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *