Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық қайырымды жастардың игі істері

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен,  Қордай ауданының Құрметті азаматы  Молдахалықов Шапен атаға еріктілер барып көмек көрсетті. Ерікті жастар аталған асақалдың үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарын тазартып, үй шаруасына қолғабыс білдірді.

Өз кезегінде Шапен Молдақұлов қария да жастарға деген ыстық ықыласын, шексіз ризашылығын жеткізді.

«Осындай жастар барда еліміздің ертеңі нұрлы болады деп ойлаймын. Біз секілді аға буынды елеусіз қалдырмай, қамқорлық таныту – жастардың ақылдылығы. Бұл қайырымдылықты ұйымдастырушыларға да алғысым мол. Жастарға амандық тілеймін. Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын»,-деді ақсақал.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында «Тәуелсіздік Құрдасы» Сансызбай Жандос Қайратұлы жалғыз басты қарт Крыгина Надежда Ивановнаны азық-түлік себетімен қамтамасыз етті. Ол осынау ізгі ісімен өзі секілді табысты замандастарына өнеге көрсетіп, оларды да игі шараға атсалысуға шақырды.

Қордайлық қайырымды жастардың мұндай жағымды бастамалары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *