Кітапқұмар балаларға-3 миллион теңге!

 

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті білім бөлімімен, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп  бұрын-соңды болмаған ерекше байқау  жариялап отыр.

Байқаудың жүлде қоры анша-мұнша емес, 3 миллион теңге! Ал, бас демеуші- Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, меценат  Мұқаш Ескендіров.

Сонымен байқаудың мақсаты мен  ережесі қандай?

 Жалпы ережелер

 1.1. Ереже «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауын өткізу тәртібін, мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар:

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен

Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» қоғамдық-саяси газеті, Тараз қалалық әкімдігінің білім бөлімі мен Жамбыл облыстық Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

1.3. Байқаудың мақсаты:

Оқу мәдениет дамыту және қолдау, жастар арасында ең үздік көркем әдебиет туындыларын кеңінен насихаттау.

 1.4. Міндеттері:

 Тараз қаласының қітапқұмар жастарына ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, жастардың классикалық, кәзіргі заманауи әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, жастардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру және кітап оқуды ілгерлетуге тарту.

1.5. Байқаудың мазмұны:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі қаланың мектептерінде өткізіледі. Екінші кезеңде әр мектептен іріктелген оқушылар (оқырмандар) қалалық байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Байқауға ұсынылатын әдебиеттерді байқау ұйымдастырушылары мен ақылдастар алқасы бірлесе іріктеп, таңдайды. Байқауға 100 кітап таңдап алынады. Қатысатын 5-7 сынып оқушылары 15 кітаптан, 8-11 сынып оқушылары 20-дан кем емес кітапты оқуы міндеттеледі.

1.6. Байқауға қатысу үшін іріктелетін кітаптар:

а) Адамгершілік, ізгілікке үндейтін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын, дәстүр мен тарихтан тамыр тартатын, қиял әлеміне жетелеп, шытырман оқиғалардың түйінін тарқататын, ойлау қабілетін ұштайтын;

б) жанрлық жағынан сан алуан;

в) көркемдік құны жоғары;

 2. Байқауға әзірлік пен оны өткізу

 2.1.Байқауды ұйымдастырып өткізу үшін құрамына облысқа танымал ақын-жазушылар, қазақ әдебиет мамандары мен қоғам және мәдениет қайраткерлері кіретін ақылдастар алқасы мен ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.2.Ұйымдастыру комитеті:

Байқауды өткізу үлгісін, мерзімі мен тәртібін анықтайды;

Байқау үшін таңдалған кітапты бекітеді;

Байқау нәтижелерін бекітеді;

БАҚ-қа арнап хабарлама дайындайды.

2.3. Байқау ұйымдастыру комитеті белгілеген күні өткізіледі.

2.4.Байқаудың өткізілуін жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылады.

 3. Байқау талаптары:

 3.1. Байқауға қатысушы үміткер Тараз қаласының тұрғыны, орта білім беру орындарының оқушысы болуы шарт.

3.2. Байқау барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптар жайлы фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «кітап оқып, миллионер бол!» хэштегімен қысқаша посттар жазып, мектепаралық видео эстафеталар жолдауы тиіс. Видео эстафеталарда әр мектептегі байқауға қатысушылар топталыпөзге мектептегі құрбыларын жігерлендіру мақсатында өздерінің қанша кітап оқығандықтарын және алдағы айларда қанша кітап оқып бітіре алатындықтарын айтып, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «кітап оқып, миллионер бол!» хэштегімен видео жариялауы тиіс.

3.3. Байқау қорытындысында оқушы кітап жайлы пікірін айтып, оқыған кітаптарының мазмұны бойынша арнайы дайындалған сұрақтарға жауап береді.

 4. Өткізілу уақыты

 4.1. Байқауды өткізу мен әзірлік науқаны байқау жарияланған күннен басталады. Дайындық кезеңінде байқауды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен плакаттар, кітап туралы буклеттер шығарылады.

4.2. Байқаудың өткізу уақыты: I-кезең 01.12.2018 ж. – 30.04.2019 ж. аралығында. II-кезең 01.05.2019 ж. – 20.05.2019 ж. аралығында. Салтанатты жабылуы мен марапаттауы 22.05.2019 ж.

 Қорытындылау

 5.1. Байқау қортындысын байқаудың өту деңгейіне орай ұйымдастыру комитеті шығарады.

5.2. Аяқтау кезеңде

Байқаудың ең белсенді қатысушылары (1,2,3 орындар) анықталады және қорытындысы шығарылады. Байқаудың өткізілуіне белсене ат салысқан ұжымдар, мекемелер, кітапханалар және тұлғалар арнайы дипломдармен марапатталады.

5.3.Қорытынды хабарлама сайттарда әлеуметтік желілерде және облыстық БАҚ-да жарияланады.

 Жүлде қоры

8-11 сыныптар үшін

  • I орын – 1 миллион теңге
  • ІІ орын – 500 мың теңге
  • ІІІ орын – 250 мың теңге

5-7 сыныптар үшін

  • I орын – 500 теңге
  • ІІ орын – 300 мың теңге
  • ІІІ орын – 150 мың теңге

 

«КІТАП ОҚЫП, МИЛЛИОНЕР БОЛ!» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҰСЫНЫЛҒАН КІТАПТАР ТІЗІМІ

 

  1. М. Әуезов «Көксерек»
  2. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
  3. С. Оспанов «Ағаш ат»
  4. Д. Гринвуд «Өгей бала»
  5. Х. Андерсен Таңдамалы ертегілер
  6. Н. Носов «Дымбілместің айға саяхаты»
  7. А. Линдгрен «Балақай мен шатырда тұратын Карлсон»
  8. Р. Киплинг «Маугли»
  9. Шекспир. «Ромео мен Джульетта»
  10. Иван Тургенев. «Әкелер мен балалар»
  11. Эрнест Хемингуэй. «Шал мен теңіз»
  12. А.Островский «Бесприданица»
  13. Грегори Дэвид Робертс «Шантарам» Том-1,2 (Роман)
  14. Стивенсон «Қазына аралы»
  15. Жәди Шәкенұлы «Балқаймақ»
  16. Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал»
  17. Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі»
  18. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
  19. Борис Пастернак. «Доктор Живаго»
  20. Эрнест Хемингуэй. «Қош, бол майдан»
  21. Иса Байзақов. «Құралай сұлу»
  22. Әбіш Кекілбаев. «Ханша-Дария» хикаясы, «Шыңырау»
  23. Мархабат Байғұт «Қозапая» (Әңгімелер мен повестер)
  24. Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» (Әңгімелер мен повестер)
  25. Шыңғыс Айтматов « Ақ кеме» (Повестер)
  26. Бейбіт Қойшыбаев «Өрімтал» (Хикаяттар)
  27. Сафуан Шаймерденов «Шығармалары» (Роман)
  28. Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» (Роман)
  29. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн» (Хикаят, әңгімелер, ертегілер, мысалдар)
  30. Сәкен Жүнісов «Ақан сері» (Роман)
  31. Қабдеш Жұмаділов «Бір ғана ғұмыр» (Әңгімелер)
  32. Мұхтар Мағауин «Тазының өлімі» (Хикаят)
  33. Мұхтар Мағауин «Шақан — Шері» (Роман)
  34. Антон Чехов. Әңгімелері.
  35. Ч.Айтматов «Белый пароход»
  36. Л.Кэрролл «Алиса в стране чудес»
  37. Д. Родари «Приключения Чиполлино»
  38. Даниэль Дефо. «Робинзон Крузо»
  39. В. Санги «Девочка лебедь»
  40. Пауль Уайт «Приключения Тото и ее друзей»
  41. Брэдбери Рэй.Вино из одуванчиков
  42. Свифт Джонатан.Путешествия Гулливера
  43. Хемингуэй Эрнест. Прощай, оружие!
  44. Стругацкий Борис.Отель «У Погибшего Альпиниста»
  45. Остен Джейн.Гордость и предубеждение
  46. Толкин Дж. Р.Р.Хоббит
  47. Бронте Эмилия. Грозовой перевал
  48. Уайт Лайонел. Рафферти
  49. Мойес Джоджо. До встречи с тобой
  50. Джером К. Джером. Трое в лодке, не считая собаки
  51. Брэдбери Рэй.451 по Фаренгейту
  52. Булгаков Михаил.Собачье серце
  53. Бунин Иван. Арсеньевтің өмірі(роман), Антон алмасы(әңгімелер)
  54. Оруэлл Джордж.1984 Скотоферма. Неправдоподобная история
  55. Дж. Барри «Питер Пен и Венди»
  56. 96. В. Гауф Сказки
  57. Николай Гоголь. «Ревизор»
  58. Марк Твен «Приключение Тома Сойера»
  59. Эрнест Теодор, А. Гофман «Шелкунчик и мышиный король»
  60. Ақселеу Сейдімбек «Аққыз»
  61. Оралхан Бөкей «Кербұғы» ()
  62. А.С.Пушкин «Капитанская дочка»
  63. Төлен Әбдікұлы «Оң қол»
  64. Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» (роман)
  65. Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»
  66. Владимир Набоков (әңгімелер жинағы)
  67. Пауло Коэьло «Алхимик»
  68. Вальтер Скот «Айвенго»
  69. Стругацски «Пикник на обочине»
  70. Эрих Мария Ремарк «Батыс майданда өзгеріс жоқ»
  71. Джек Лондон «Тектік сарын»
  72. Джек Лондон «Мартин Иден» (Қасқыр)
  73. Александр Дюма «Үш ноян», «Три мушкетера»
  74. Баққожа Мұқаи «Өмірзая»
  75. Мархабат Байғұт «Оқу залы»
  76. Алан Маршал «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын»
  77. Стивен Кинг«11.22.63»
  78. РенсомРиггз«Дом странных детей»
  79. Тони Магуайр«Только не говори маме. История одного предательства»
  80. Антуан де Сент-Экзюпери«Маленький принц»
  81. Габриэль Маркес«Любовь во время холеры»
  82. Джон Бойн«Мальчик в полосатой пижаме»
  83. Марк Твен«Принц и нищий»
  84. Ч.Айтматов«И дольше века длится день»
  85. Ш.Айтматов «Жанпида»
  86. Ч.Айтматов «Плаха»
  87. Б.Нұржекеев «Ай, дүние-ай»
  88. Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»
  89. Агата Кристи «Ғайып болған миллион», «Украденный миллион»
  90. Артур Конан Дойл «Шерлок Холмс»
  91. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
  92. З.Ақышев «Жаяу Мұса»
  93. Жүсіпбек Қорғасбек «Жетімнің елімен қоштасуы»
  94. Қасым Қайсенов «Партизан соқпақтары»
  95. Бейбіт Сарыбай «Рауғаш ерте гүлдейді»
  96. Қанат Әбілқайыр «Текес теріс ағады»
  97. Асқар Алтай «Алтай новелласы»
  98. Нұрғали Ораз «Аяқталмаған ертегі»
  99. Тынымбай Нұрмағанбетов «Қарлығаштың ұясы»
  100. Әбдіжәміл Нүрпейісов «Қан мен тер»

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *