Таңдаулы жаңалықтар:

ҚАРАТАУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Қарттар күні мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының қазыналы қарттары «Ардагерлер кеңесі», «Аналар кеңесі» мүшелері ағымдағы жылдың 22 күні Түркістан қаласындағы «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Йассауи» кесенелеріне арнайы зиярат етіп қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында киелі жерлерді ауданның зиялы қауым өкілдері, білім, еңбек салалары үздіктерінен құралған 40 ардагер зиярат етумен бірге жаңа Түркістан қаласының даму жоспарымен де танысты.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Төлегенов зиярат етуге келген барлық ардагерлер қауымына арнайы мерекелік дастархан мен сыйлықтар ұсынды.

Аудан ардагерлері өз кезегінде барлық қарттар қауымына деген құрмет пен ықылас үшін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлына алғыстарын жеткізді.

Еске сала кетейік, Қаратау ауданында бүгінде жалпы саны 500-ге жуық ардагерлер тұрады. Оның ішінде тыл ардагерлері — 256, ҰОС ардагерлері — 6, зиялы қауым өкілдері – 40.